$ 447.4  477.55  4.76

Қайрат БЕРКІНБАЕВ: «Туған жерге бәрiмiз де қарыздармыз»

Күні кеше Шымкентте «Туған жердi түлету – перзенттiк парыз» атты кең ауқымды қайырымдылық акциясы өткені белгілі. Шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған. Оның мақсаты – оңтүстік өңірінен түлеп ұшқан танымал азаматтардың басын туған жерінде қосу, туған жерді түлетуге шақыру.

Осынау акцияға Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасы медициналық орталығының «Оқжетпес» емдеу сауықтыру кешенi» АҚ президентi, «Парасат» орденiнiң иегерi Қайрат Беркінбаев та келіп қатысты.

Қ.Беркінбаев:

— Елбасының «Жалпақ жұртыңды, иiсi алашыңды құрметтеу алдымен өзiң тұрған өлкенiң тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» деген ұлағатты сөзi менi әр кез үлкен ойға қалдырады. Кез келген адам ел-жұрт, әлеумет алдындағы жауапкершiлiгiн түсiнуi тиiс. Кiндiк қанымыз тамған, балалық шағымыз өткен, бойымызға ең iзгi қасиеттердi дарытқан туған жерге бәрiмiз де қарыздармыз. Сондықтан болар, облыс әкiмi Жансейiт Түймебаевтың ұйытқы болуымен өткелi отырған «Туған жердi түлету – перзенттiк парыз» атты қайырымдылық шарасына шақыртуын қуана қабылдадым. Менiң түсiнiгiмде, бұл шара елiмiздiң әр қиырында табысты еңбек етiп жүрген оңтүстiк азаматтарының елге есеп беруi iспеттi.

Мен үшiн туған жерiм Созақтың орны ерекше. Осында өстiм, осы жерден үлкен өмiрге жолдама алдым, қанат қақтым. Осыдан 10 жыл бұрын елге iстеген жақсылығым болсын деп өзiм туып-өскен Қызылкөл ауылына 200 орынды мектептi сыйға тартқан болатынмын. Қаншама шәкiрт осы шаңырақтан қияға қанат қағып, алды жоғары оқу орындарында бiлiмiн шыңдап жүр. Биылғы жаңа оқу жылында ауылыма арнайы келiп, бiлiм ошағының онжылдық мерекесiне қатыстым. Сөйтiп, Астанаға үлкен әсерге бөленiп қайттым. Одан бөлек ауыл бүлдiршiндерiне балабақша тарту еттiм. Қазiр бұл бөбекжай облыста алдыңғы саптан көрiнедi. Мұның барлығы мақтаныш үшiн емес, туған жерiме деген перзенттiк парызымның бiр өтеуi.

Алыста жүрсек те туған жердiң бiр қажетiне жарап, азаматтарына қолдан келгенше қолғабыс ету – парыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары