$ 445.66  474.58  4.78

Шәхизада ШАНАСҰРОВА: «Туған жердің түтіні де тәтті»

Күні кеше Шымкентте «Туған жердi түлету – перзенттiк парыз» атты кең ауқымды қайырымдылық акциясы өткені белгілі. Шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған. Оның мақсаты – оңтүстік өңірінен түлеп ұшқан танымал азаматтардың басын туған жерінде қосу, туған жерді түлетуге шақыру.

Осынау акцияға ҚР еңбек сiңiрген өнер қайраткерi, мүсiншi Тiлеубердi Бинашев ағамыз да арнайы келіп қатысты.

Тiлеубердi БИНАШЕВ, ҚР еңбек сiңiрген өнер қайраткерi, мүсiншi:

– Мүсiншi ретiнде бiршама атағым шығып қалған кезде Арыс стансасының вокзалында сексендегi қария менi танып «Өй, мынау кезiнде жалаңаяқ жүгiрiп жүрген Байырқұмның баласы ғой! Бүгiнде ел таныған мүсiншi болыпты!» дедi. Ақсақалдың «Байырқұмның баласы ғой!» деген сөзi жүрегiмдi жылытып, бүкiл балалық шағым есiме түсiп, қайда жүрсем де туып-өскен жердiң топырағы ыстық сезiлетiнiн түйсiндiм. Сол қарияның бiр ауыз сөзi түрткi болып «Байырқұмның баласы» деген мүсiн жасадым, кiтабымның атын да солай атадым. 

Құдайға шүкiр, өнерiмнiң арқасында «Жыл адамы», «Алтын адам» секiлдi марапаттардан кенде емеспiз, еңбек ескерiлiп жатыр. Туған жерiм Арыс қаласына қарасты Байырқұм ауылына жылына бiр рет барамын. Ауылымның 75 жылдық мерейтойына Алатау батырдың бюстiн тарту еттiм.  Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Жансейiт Түймебаевтың ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдық мерейтойы қарсаңында балалық шақтары күнгейде өткен белгiлi тұлғалардың  басын  қосып отырғаны – көпке өнеге ететiн iс! Осы жолы әкiмге жалаңаяқ жүгiрген ауыл баласының ескерткiшiн Шымкент қаласына орнатсақ деген тiлегiмдi айтпақшымын. Өйткенi, осы басқосуға жиналатын академиктер, ғалымдар, қаламгерлер, министрлер, әншiлерiңiздiң бәрi де ауылдан шыққан. Жалаңаяқ жар кешкен балалық шақтары ауылда өткен. 

Кезiнде Арыс қаласында еңселi «Мұңлық-Зарлық» монументiн орнаттық. Ендi осындай монументтi облыс орталығына орнатсақ, жас ұрпақтың елiнiң тарихын бiлiп өсуiне, оларды отансүйгiштiкке, елжандылыққа тәрбиелеуге ықпал етер едi деген ойым бар. Туған жерiмдi, Оңтүстiгiмдi түлетуге осылайша өз үлесiмдi қоспақшымын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары