$ 516.01  582.47  6.26

Іскерлiк пен iзгiлiк

Елбасы Н.Назарбаев елiмiзде шағын және орта бизнестi дамытуға үнемi қолдау көрсетiп келедi. Соның нәтижесiнде жер-жерде кәсiпкерлiкпен шұғылданушылар саны арта түсуде. Мысалы, бiр ғана бiздiң Қаратау ауданында iрiлi-ұсақты 2478 кәсiпкерлiк субъектici тiркелген. Оның 3-еуi iрi өнеркәсiп орны болса, 9-ы орта кәсiпкерлiкпен айналысады. 64 жылыжай, 24 жер қойнауын пайдаланушы, 1266 шаруа қожалығы және 1118 кiшi кәсiпкерлiк субъектiсi бар. Бұл ұжымдарда барлығында 23208 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Аудан әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiктi қолдау бөлiмiнiң мамандары тарапынан үйiргелiк жер және мүлiк салықтарын уақытында төлеу жөнiнде  жеке тұлғаларға түсiндiру жұмыстары жүргiзiледi. Жыл басынан берi аудандық прокуратурамен және шағын қаржы ұйымдарымен бiрлесiп, 12 рет семинар-кеңес өткiзiлдi.

Аудан кәсiпкерлерi бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн сезiне отырып, аз қамтамасыз етiлген азаматтар мен ҰОС ардагерлерiне, №4 облыстық балалар үйiне және Балалар күнi мерекесiнде, «Мектепке даярлық» акциясында тұрмысы төмен отбасыларға, олардың балаларына 1 944 600 теңге көлемiнде материалдық тұрғыда (құрылыс заттары, азық-түлiк өнiмдерi және киiм–кешек) демеушiлiк көмек көрсеттi. Олардың қатарында Е.Тоғайбеков («Шымкент тас» ЖШС),  Ю.Ким (ДСМ ЖШС), Д.Тiлепова («Жаңалық» СҮ), К.Сұлтанқұлов («Береке» СҮ), А.Артуковтай («Құрылыс» дүкенi) кәсiпкерлердi атауға болады.

Сонымен қатар, әкiмдiк қызметкерлерi аудан аумағында ретсiз орналасқан сауда орындарын  жою, қала көшелерiнiң тазалығын және көрiктендiру жұмыстарын зерделеу мақсатында құрылған жұмыс тобымен бiрлесiп, биыл 32 рет (БАҚ өкiлдерiнiң қатысумен 9 рет) рейдтiк iс-шаралар ұйымдастырды. Соның нәтижесiнде «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы»   Кодексiнiң 204-бабына сәйкес 615 әкiмшiлiк хаттама, 505-бабы бойынша  583 хаттама толтырылды. 285 ретсiз сауда орны жойылды. Түсiндiру  жұмыстары барысында заңсыз орналасқан 61 дүңгiршек, 8 киiз үй, контейнер және жеңiл құрастырылмалы сауда  нүктелерi алынып тасталды. ҚР «Жарнама туралы» Заңына сәйкес 473 заңсыз және талапқа сай келмейтiн жарнама алынды.

Азық-түлiк бағаларын қалыпты деңгейде ұстап тұру үшiн әр аптаның жексенбi күндерi Арғынбеков-Назарбеков көшелерiнiң қиылысындағы «Рахима плаза» сауда үйiнiң  шығыс бетiнде 103 сауда нүктесiнiң қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылып келедi.

Аудан аумағында орналасқан  жер қойнауын пайдаланушылармен меморандум  түзiлiп, 28 топырақты көшелерге шағал тас төселдi.

Мереке қарсаңында «Ұлы дала елi — Тәуелсiздiктiң 25 негiзi» акциясы аясындағы «Жұлдызды 25 күнге» қаратаулық кәсiпкерлер қолдау бiлдiре отырып, демеушiлiк iс-шараларына белсене  араласуда. Айталық, iскер азаматтар қалаға  жаңадан қосылған тұрғын алаптарын абаттандырып, көшелерге шағал тас төсеуге, жетiм балаларға көңiлдi демалыс ұйымдастырып, қамқорлық көрсетуге демеушiлiк жасауды жалғастыра түсуде. Бұл сауап iстiң басы-қасында бiздiң кәсiпкерлiктi қолдау бөлiмiнiң мамандары жүретiнi сөзсiз.+

Гүлсина Бердiбекова, Қаратау ауданы әкiмi аппараты  кәсiпкерлiктi қолдау бөлiмiнiң басшысы.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары