$ 448.56  478.03  4.79

Жаһандық iстердiң жолбасшысы

Елiмiз тәуелсіздігін алған 25 жылдың ішінде Елбасының басшылығымен ғасырлар бойы арман болған жетiстiктерге қол жеткiздiк. Елiмiздiң Тұңғыш Президентi сонымен бiрге ұлттық мүдделердi және әлемдiк  даму үрдiстерiн ескеретiн саяси құрылымның өзiндiк үлгiсiн жасады.

Тәуелсiздiк жылдарында қол жеткiзiлген ел тарихындағы баға жетпес жетiстiктердiң бiрегейi – шекарамыздың шегенделуi. Бұл – Қазақстанның Тұңғыш Президентi Н.Ә.Назарбаевтың тiкелей жеке беделi мен күш-жiгерiнiң, мемлекетiмiздiң халықаралық саясатын дұрыс бағытта жолға қоюының арқасында мүмкiн болды.

Нұрсұлтан Назарбаев — бүгiнде әлемдiк аренадағы ең iрi саяси тұлғалардың бiрi. Оның   ширек ғасырда көтерген жаһандық саясатты қамтитын бастамалары әлемдiк саясатқа iрi бетбұрыстар әкелдi. Алысты болжайтын кемеңгер саясаткер Н.Назарбаев ел тәуелсiздiгiнiң алғашқы күнiнен бастап Қазақстан абстрактiлi геосаяси идеялар мен құрғақ ұрандардың емес, экономикалық мүдделер мен интеграциялық үдерiстердiң басты қозғаушысы болуы керек деген мақсат қойды.

Елбасы бастамаларының  қай-қайсысының да жоғары деңгейде жүзеге асып, халықаралық қоғамдастықтан қолдау тауып жатқаны халқы үшiн қуаныш. Оның бiрi — «EXPO—2017» халықаралық көрмесiнiң Астана қаласында өтетiнi. Бұл – Елбасының бiр ғана жеңiсi.

Қазақстан халқы өздерiнiң тағдырына тәуелсiздiктi баянды ету жолындағы қызығы мен қиындығы мол алмағайып заманда әлемдiк ауқымда ойлайтын, бүгiнгi күннiң тамырын дәл басып, ертеңгi күндi  ондаған жыл бұрын бағамдай бiлетiн Нұрсұлтан Әбiшұлындай дана мемлекет басшысының тап келгенiне қуанады.

Дина БОТАН, Шымкент қаласы Еңбекшi  аудандық әдiлет басқармасының басшысы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары