$ 447.4  477.55  4.76

Ертегi бала жанын биiктерге жетелейдi

Шымкент қаласы «Игiлiк» елдi мекенiндегi №51 балабақшасында өткен «Тәуелсiздiк — мәңгiлiк елдiң тұғыры» атты аймақтық семинар мазмұндылығымен ерекшелендi. Балаларды халық ертегiлерi арқылы отансүйгiштiкке тәрбиелеудi басты ұстаным етiп алған семинар жұмысына қатысушылар жан-жақты тәжiрибе алмасып, үздiк сабақтарға қатысты. «Ертөстiк», «Табиғаттың тартуы», «Ертегiлер елiнде»,  «Бау-бақшаға саяхат», «Татулық — достық кепiлi», «Менiң Отаным — Қазақстан» атты әртүрлi тақырыптағы тәрбие сағаттарының мазмұнын аша, әдемi көрсете бiлген «Балауса» (тәрбиешiлерi Ж.Төлегенова, Ж.Ерубай), «Қарлығаш» (Ж.Ақжолова, Ж.Жұмабаева), «Қызғалдақ» (А.Батырбекова, Э.Мирзабекова) кiшi тобының бүлдiршiндерi тамаша дайындықтарымен семинар қонақтарын тәнтi еттi. Әсiресе, «Ертөстiк» ертегiсiндегi батырдың бейнесiн шынайы сомдай бiлген  бүлдiршiн Мейiрхан Нұрханұлы өнерiмен көптiң көкейiнде қалды.

Игi iстердiң басы-қасында жүрген облыстық мәслихаттың депутаты Әбiлқасым Досболовтың демеушiлiгiмен 2006 жылы ашылған бұл балабақшада алғашында бала саны 50 болса, қазiр 65-ке жетiп отыр. Жас ерекшелiгiне сай үш топқа бөлiнген бүлдiршiндерге  барлық жағдай жасалған.

«Әрқашан қол ұшын берiп тұратын «Оңтүстiк құс» ЖШС-нiң басшысы Айдар Досболовқа, ата-аналар комитетiнiң белсендi мүшелерi, ылғи осындай игi iс-шаралардың басы-қасында жүретiн ерлi-зайыпты Төрехан Омаров пен Гүлзия Сардарбековаға айтар алғысымыз көп» дейдi балабақша меңгерушiсi, жоғары санатты ұстаз Рабиға Тойшыбекова.

Иә, бала — болашағымыз. Олай болса, тәрбие талбесiктен басталса ұтылмаспыз.

«Оңтүстік Қазақстан»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Келесі жаңалық
Туған жердi түлетейiк!