$ 443.85  474.3  4.8

Туған жердi түлетейiк!

Оңтүстiк Қазақстан облысы – қашан да елдiң игiлiгi мен халқымыздың жарқын болашағы үшiн талмай еңбек еткен асыл азаматтарды тәрбиелеп өсiрген өңiр. Бұл өлкеден ұлттық ғылымның көкжиегiн кеңейткен ғалым да, сөз өнерiнiң мәртебесiн биiктеткен жазушы мен ақын да, өнерiмен халықты тәнтi еткен әртiс те, күмiс көмей әншi мен домбырасының үнiмен кең дүниенi күмбiрлеткен күйшi де, алты құрлықты мойындатқан даңқты спортшы да, экономиканың дамуына, халықтың тұрмысын түзетуге салмақты үлес қосқан кәсiпкер де көптеп шыққаны белгiлi.

Ұлттың ұйытқысы болған қасиеттi өңiрден түлеп ұшқан азаматтар Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы қарсаңында, нақтырақ айтқанда, 8 желтоқсан күнi Шымкент қаласында өтетiн «Туған жердi түлету – перзенттiк парыз» атты iс-шарада бас қоспақ.

Түркiстанның құнарлы топырағы мен Қазығұрттың асқар шыңдарынан, Шардараның шалқар теңiзi мен Түлкiбастың тұмса табиғатынан, Қаратаудың тұнық ауасы мен Мырзашөлдiң күн шуағынан нәр алып, үлкен өмiрге қанат қаққан Оңтүстiк ұл-қыздарының арасында бүгiнде бүкiл республикаға, қала бердi шет мемлекеттерге танылған тұлғалар баршылық.

Облыс әкiмi Жансейiт Түймебаевтың бастамасымен ұйымдастырылғалы отырған бұл форумға әртүрлi салада зор жетiстiктерге жетiп, Оңтүстiктiң атын шартарапқа танытып жүрген 150-ден астам азамат қатысып, туған жерге тағзым етедi.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары