$ 446.49  475.38  4.79

Бiз дана Президентiмiзбен мақтанамыз!

Облыстық мамандандырылған күзет қызметi басқармасында өткен ҚР Тұңғыш Президентi күнiне арналған салтанатты жиынға басқарманың жеке құрамы мен iшкi iстер органдарының ардагерлерi қатысты.

Ел Әнұранымен ашылған шараға жиналғандар Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған көрмемен танысты. Елбасының өмiрi мен жүрiп өткен жолдары, реформалары, «Қазақстан–2030» стратегиялық бағдарламалары  туралы мәлiметтерге мол көрменi мекеменiң аудан, қалалардағы полиция батальондары дайындапты. Жүргiзушi сонау Керей мен Жәнiбек хандар кезеңiнен бастап қазақ халқының басынан кешкен небiр қилы замандарды мысалға келтiре отырып, Тәуелсiздiкке жету жолындағы Елбасының рөлiне ерекше тоқталды. Тұңғыш Президент күнiнiң Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына сәйкес келуiне айрықша мән бердi. Аталған мереке қарсаңындағы iс-шараларды жоғары деңгейде өткiзген арыстықтар «Ең үздiк саптық бөлiнiс» атты номинация жеңiмпазы атанды.

Мекеме бастығының орынбасары, полковник Ж.Пiртаев Тұңғыш Президент күнiнiң мән-маңызына жан-жақты тоқталды. Құттықтау сөз алған ОҚО МКҚБ ММ-нiң бастығы, полковник Қанатбек Тiлеубердиев Елбасының салиқалы саясатының арқасында қазақ елi алыс-жақын шетелге, төрткүл дүниеге танылып отырғанын мақтанышпен жеткiздi.

– 25 жылда жеткен толағай табыстар – Президентiмiздiң көреген және сарабдал саясатының, сындарлы көшбасшылығының арқасы. Ұлт Көшбасшысы дағдарыс жылдарында батыл қадамдар жасап, елiмiздi әлемдiк қауымдастыққа танытты. Мемлекетiмiзде бейбiтшiлiк, тұрақтылық бар. Бiз осындай дана Президентiмiзбен мақтанамыз, – дедi басқарма бастығы.

Салтанатты шарада ақын Қабылбек Төретай жиналғандарды мерекемен құттықтап,  Елбасының Оңтүстiкке сапары кезiндегi көрегендiлiк сәттерiн, кiшiпейiлдiлiгiн, адами қасиеттерiн сөз еттi. Мемлекет басшысына арнаған өлеңiн оқып бердi.+

Жиында өзiнiң белсендiлiгiмен, қырағылығымен танылып жүрген бiрқатар азамат Алғыс хаттармен марапатталды. Шара соңы концерттiк бағдарламаға ұласты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Алдыңғы жаңалық
Жұлдызды 25 күн