$ 443.35  475.54  4.82

Ажарлы аула – көше көркi

Шымкент қаласындағы Абай ауданына қарасты көпқабатты үш үйдiң ауласы қайта жөндеуден өтiп, ел игiлiгiне берiлдi. Тұрғындардың қуанышымен бөлiсе барған облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев пен қала әкiмi Ғабидолла Әбдiраxымов барша шымкенттiктердi мерейлi қос мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығымен және Тұңғыш Президент күнiмен құттықтады.

«Халыққа ыңғайлы жағдай жасау мақсатында қалада ауқымды құрылыс жұмыстары жүргiзiлдi. Мәселен, шаһардағы көпқабатты 1020 тұрғын үйдiң 829-ындағы аулалар жөнделiп, 334 үйдiң ауласына жарықтандыру жұмыстары жүргiзiлдi. Ал, 686 көпқабатты тұрғын үйдiң ауласына электр бағаналарын орнату жұмыстары жыл соңына дейiн аяқталады деп жоспарлануда» дедi облыс әкiмi.

Осынау жұмыстардың барлығы халық игiлiгi үшiн жасалып жатқаны туралы айтқан өңiр басшысы қаламыздың тазалығы мен оны күтiп ұстау тұрғындардың да мiндетi екенiн жеткiздi.

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы мерекесiне орай «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында республикалық және жергiлiктi бюджеттен қарастырылған қаржыға 80-нен астам көпқабатты тұрғын үйдiң ойын алаңдары қайта жөнделiп, жыл соңына дейiн пайдалануға берiледi.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысында ондаған әлеуметтік нысанның ашылауы жоспарлануда. Олардың қатарында балабақшалар мен мектептер, денсаулық сақтау нысандары бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары