$ 442.05  474.14  4.74

«Тәуелсiздiк жолындағы еңбек»

Облыстық қаржы басқармасында «Тәуелсiздiк жолындағы еңбек» атты салтанатты iс-шара өтiп, елiмiздiң қаржы жүйесiне үлес қосқан қаржыгерлерге сый-сыяпаттар тапсырылды.

-- Бiздiң басқармада 8 ардагер бар. Олардың барлығы тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарынан бастап жұмыс iстеген аға-апаларымыз. Салтанатты шарада ардагерлер кейiнгi жас буын қызметкерлермен танысып, өздерiнiң еңбек жолдарынан естелiктерiн айтып берсiн деген ниетпен бас қостық. Теңгемiз айналымға алғаш түскен 1993 жылы бiздiң облыстың бюджет қаржысы  387 миллион теңге ғана болды. Қазiргi таңда қазынамыз 572 миллиард теңгеге ұлғайды. Есептеп қарасаңыз, бұрынғыдан 16 есе көбейген. Сараптама жасау нәтижесiнде облыстық бюджет қоржынына 2001 жылы 25 миллиард теңге түсiптi. Оның 75 пайызы әлеуметтiк салаға жұмсалды. 2011 жылы өңiрiмiздегi бүкiл әлеуметтiк салаға 196 миллиард теңге қаржы бөлiндi. Былай қарасаңыз, бұл қомақты қаржы болып көрiнгенiмен, қазiргi уақытпен салыстырсақ, бiр бiлiм саласының өзiне бүгiнде 190 миллиард теңге ақша жұмсалады. Ал, бүкiл әлеуметтiк салаға биыл 368 миллиард теңге бөлiндi, — дейдi облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары И.Шалабаев.

Қаржы басқармасында ұзақ жылдар еңбек еткен бас маман, бүгiнде еңбек ардагерi Күлзада Iскендiрованың айтуынша, алғаш теңге шыққан жылы оның айлық жалақысы небары 3,5 мың теңге болыпты. Ал, қазiргi бас мамандар 80 мың теңгеден кем жалақы алмайды. Сараптама нәтижелерi 25 жылдың iшiнде бюджеттiк мекемелерде жалақы 17 есеге көбейгенiн көрсеткен. «Мұның барлығы елiмiз өз алдына егемендiгiн алғаннан кейiн бiздiң бүкiл қаржымыз өз мемлекетiмiздiң дамуына жұмсалып жатқандығының дәлелi. Яғни бiздiң экономикамыз жылдан-жылға өсуде. Мұндай жағдайда бюджетке қомақты қаражат түседi. Сол арқылы елiмiздiң қаншалықты дамуын байқауға болады» дейдi мамандар.

Осы күнi облыстық экономика басқармасының басшылығы да экономика саласына үлес қосқан ардагерлерiн «Алғыс хатпен» марапаттап, құрмет көрсеттi.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Алдыңғы жаңалық
Ажарлы аула – көше көркi
Келесі жаңалық
Жұлдызды 25 күн