$ 444.22  476.38  4.82

Төлеби ауданын жас курсанттар абаттандыруда

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төлеби ауданына жас курсанттар келді. Олар аудандағы елдімекендерді абаттандырмақ. Турасын айтқанда, жол бойында ретсіз өсіп кеткен ағаштарды қырқып, тазалық жұмыстарымен айналысатын болады. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аталған жұмыстар Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне қарасты Шымкент қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығы бастығының саптық бөлім бойынша орынбасары полиция полковнигі Балғабаев Талғат Орынбасарұлының басшылығымен жүзеге асып отыр.

Екі топқа бөлінген курсанттар Алатау ауылдық округіне келіп, дұмыстарға қызу кірісіп кетті. Полковник Талғат Балғабаевтың айтуынша, жастарды еңбекке баулу – ол да тәртіптің бір түрі. Оның үстіне әр сарбаздың бойында патриоттық сезімі бірінші орында тұру керек. Өзіміздің ауыл-аймаққа көмек беріп, оны абаттандыру бұл да патриоттық сезімді талап етеді дейді полицей.

Болашақ полицейлердің кескен ағаштары 15 жүк көлігіне тиеліп, ауылдағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға дайын отыр ретінде тегін таратылып берді. Жас курсанттар тіпті, ағаштарды майдалап бұтап та тастаған.

Бұл игі іс елдімекенде 3 күнге жалғасты. Осындай іс-шараны ұйымдастырған азаматтарға аудан тұрғындары дән риза.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары