$ 498.34  519.72  4.85

Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері семинар өткізді

Міне, көзді ашып жұмғанша 25 жыл да өте шықты. Тәуелсіздігіміздің 25 жылы! Небәрі ширек ғасырда Қазақстан аяқтан тұрып қана қойған жоқ, үдемелі даму процесін бастан өткерді. Яғни, өзге елдер ұзақ жылдар бойы жүріп өткен жолды Қазақстан небәрі 25 жылда бағындырды.

Осы ширек ғасырда жеткен жетістіктерімізді халық арасында насихаттау мақсатында бүгінде арнайы насихат топтары құрылып, ауыл-ауылды аралап жүр. Мұндай топтар Оңтүстік Қазақстан облысында да қыз жұмыс істеуде. Солардың бірі күні кеше Төлеби ауданында болып, жергілікті халықпен кездесті, семинар өткізді. Семинарға облыстық ішкі саясат басқармасының жауапты қызметкерлері, облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі, лектор Мархабат Байғұт ағамыз, аудан әкімдігінің қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері және елді мекендердің ақпараттық-насихаттық топтарының мүшелері қатысты.

Бұл семнардың басты мақсаты қатысушылар арқылы, Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері 25 жылда елімізде қол жеткен жетістіктерді, оң көрсеткіштерді, оның ішінде облыстағы, аудандағы, елді мекендегі оң өзгерістерді әрбір тұрғынға жеткізу, насихаттау болып табылады.

Тәуелсіздіктің 25 жылында елімізде оның ішінде облыстағы қол жеткен жетістіктер, оң көрсеткіштер туралы Мархабат Байғұт ағамыз айтып өтсе, Тәуелсіздіктің 25 жылында ауданда қол жеткен жетістіктер мен оң көрсеткіштер туралы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғысбаев Әтірхан баяндады.

Семинарды қорытындылай келе, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеуді жоғары дейгейде ұйымдастыру үшін, барлық бағыттағы шараларды орындап, жұмыла жұмыс атқаруға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары