Шымкент қаласында тағы бiр жаңа балабақша бой көтердi. «Қос ана» деп аталатын балалар мекенiнiң ғимараты белгiлi меценат, кәсiпкер Серiкжан Сейтжановтың демеушiлiгiмен салынды. Айта кету керек, ширек ғасырда кәсiпкер облыс тұрғындарының игiлiгi үшiн жыл сайын жаңадан бiр нысанды пайдалануға берiп келе жатыр.
- Елiмiздегi қалталы азаматтар сiзден үлгi алса деймiз. Тұрғындарға қажеттi осындай әлеуметтiк нысандарды салуға демеушiлiк жасаса, қайырымды iстердiң қатары көбейе берсе деймiз. Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына жасап отырған бұл тартуыңыз үшiн сiзге алғысымызды айтамыз, — дедi балабақшаның ашылу салтанатында сөйлеген сөзiнде облыс әкiмi Ж.Түймебаев.
Жалпы балабақшада 12 топта тәрбиеленетiн 280 балаға барлық жағдай жасалынған. Заман талабына сай бiлiм берудiң негiзi болып табылатын сауат ашу сынып бөлмелерi, ойын, жатын жайлар, балаларға арналған бассейн, спорттық ойындар залы - бәрi де «Қос ананы» өзге балабақшалардан ерекшелеп тұр.
— Мұнда бүлдiршiндер үшiн барлық жағдай жасалған. ән-би бөлмелерi, әр топқа арналған ойын алаңшасы мен жеке асханалар қарастырылған. Баланың ой-өрiсiн дамытатын ойыншықтар да жеткiлiктi. Нысанның құрылысын заманауи талаптарға сай жүргiзген «Мұнай құрылыс сервис» ЖШС-не алғысымызды бiлдiремiз, — дейдi балалар орталығының директоры Ханшайым Құдайбергенқызы.