$ 449.58  486.94  4.86

Қайрат БАЛАБИЕВ, ОҚО мәслихатының хатшысы: Жарқын болашаққа деген сенiмiмiз нығая түстi

Астана қаласында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай салтанатты жиын өткенi белгiлi. Сол алқалы басқосуға Оңтүстiк Қазақстан облысынан да бiрқатар азаматтар қатысқан болатын. Солардың бірі облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев.

Қайрат БАЛАБИЕВ, облыстық мәслихаттың хатшысы:

— Қазақстан өзiнiң 25 жылдық жасампаздық тарихында ғасырларға бергiсiз даму жолынан өттi. Елiмiз әлемге iргесi берiк, халқының ынтымағы жарасқан, айшықты елордасы – ару Астанасы бар, шекарасы шегенделген, экономикасы өркендеген мемлекет ретiнде танылды. Осынау ұлы жеңiске әрбiр қазақстандық өз үлесiн қосты. Мұны Елбасымыз Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына орай өткен салтанатты жиында атап өттi.

Президент 2012 жылы Қазақстан әлемнiң ең бәсекеге қабiлеттi 50 елiнiң қатарына кiргенiне, тәуелсiздiк жылдарында экономика 20 есеге өскенiне тоқталды. Елбасы 1999 жылдан 2016 жылға дейiн отандық экономика үздiксiз өсiп келе жатқанын, яғни 25 жылдың 17 жылында экономикада тұрақты iлгерiлеу байқалғанын айтты.

Ұлт Көшбасшысы: «Сарапшылық бағалауға қарағанда Қазақстан таяу 10-20 жылда да экономика өсiмi бойынша көшбасшы елдердiң санатында болады. әлемде жиi айтылып жүрген қазақстандық ғажайыптың мәнi одан да тереңде жатыр»  дедi. Демек, Қазақстанның болашағы бүгiнiнен де жарқын деген сөз. Ұлттың ұлы мерекесiне орай өткен салтанатты жиыннан осындай ой түйiп, жарқын болашаққа деген сенiмiмiз нығая түстi.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары