$ 444.22  476.38  4.82

О.Аяшев: Көк байрақты көргенде жүрек шiркiн атқақтай соғып, көңiл аспандап кеттi

Астана қаласында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай салтанатты жиын өткенi белгiлi. Сол алқалы басқосуға Оңтүстiк Қазақстан облысынан да бiрқатар азаматтар қатысқан болатын. Солардың бірі Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институтының ректоры, облыстық мәслихаттың депутаты Оңалбай Аяшев.

О.Аяшев, депутат:

- Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына арналған  салтанатқа Оңтүстiк Қазақстан облысының атынан қатысқан 20 делегаттың бiрi болғанымды мәртебе тұттым.

Сол бiр тарихи күнi жиынға қатысушыларды ғана емес, тiкелей эфирден тамашалап отырған бүкiл қазақ елiн Тәуелсiздiктiң ұлы рухы жебеп тұрды. Отанға деген сүйiспеншiлiк бүкiл халықты шабыттандырды. Ел ертеңi мен Елбасыға деген сенiм бойды кернедi. Президенттiң әрбiр сөзi абыз ағалардан бүлдiршiн балаларға дейiн жүректерiне сәуле, бойына шуақ құйды. Телегей теңiз тебiренiс, толқыған көңiл, шалқыған шабыт бәрiмiздi баурап алды.

Салтанатты шара басталмас бұрын кең залға елiмiздiң аспан түстес көк байрағын – мемлекеттiк Туын сарбаздар алып кiргенде жүрек шiркiн атқақтай соғып, көңiл аспандап кеттi. Бұл қасиеттi көк Туымыз әлемдегi ең үлкен мiнбер – Бiрiккен ұлттар ұйымының мiнберiнен желбiреген! Ол  – ел мерейi мен ұлт абыройының, мемлекет мәртебесiнiң асқақты айшығы. Ол – ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан әбiшұлы Назарбаевтың бейбiтшiл саясатының ұлы жеңiсi. Осындай ойлардың жетегiнде тұрғанда қызыл кiлем бойымен залға кiрiп келе жатқан Мемлекет басшысының салмақты жүрiсi жұрт назарын бiрден өзiне аударды. Делегаттар бiр адамдай орындарынан тұрып, қол шапалақтап, өз құрметтерiн көрсеттi. Тәуелсiздiк тарту еткен мемлекеттiк әнұранымыз шырқалғанда жан-дүниемiзбен осы бақытты бұйыртқан Тәңiрге шүкiршiлiк еттiк. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары