$ 444.32  473.33  4.76

Президент отандық кәсiпкерлерге үнемi жан-жақты қолдау көрсетiп келедi - депутат

Астана қаласында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай салтанатты жиын өткенi белгiлi. Сол алқалы басқосуға Оңтүстiк Қазақстан облысынан да бiрқатар азаматтар қатысқан болатын. Солардың бірі «Мырзакент-Холдинг» ЖШС-i атқарушы директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Бауыржан Жамалов.

Б.Жамалов, депутат:

— Тәуелсiздiктiң 25 жылдығы мен үшiн ұмытылмастай күнге айналды. Елiмiздiң ұлы мерекесiне арналған басты салтанатты шараға қатысқан сәттерде кеудемдi зор мақтаныш сезiмi биледi.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзi өте әсерлi әрi мазмұнды болды. Елбасы «Бiздiң бизнесмендерiмiздiң оларға бастапқы капитал бөлетiн миллионер әкелерi болған жоқ. Реформаларға құндылықтарды нақты адамдар бердi, олар еңбектерiмен өздерiнiң және елiмiздiң болашағын құрды деп мен әр кез айтып келемiн. Мiне, дәл сондықтан Қазақстан қазiр қай кездегiден де өз күшiне сенiмдi көрiнедi» дедi.

Расында, Президент отандық кәсiпкерлерге үнемi жан-жақты қолдау көрсетiп келедi. Соның арқасында қазақстанда мыңдаған адам өз бизнесiн өркендету арқылы елiмiздiң дамуына, халықты жұмыспен қамтуға үлес қосуда. Тағы бiр айта кетерлiгi, Елбасы келер жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақының көлемi 20 пайызға өсетiнiн хабарлады. Бұл Тәуелсiздiк мерекесiне жасалған лайықты тарту болды деп есептеймiн. Осының барлығы елiмiздiң тыныштығы мен халықтың бiрлiгiнiң жемiсi екенiн ұмытпауға тиiспiз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары