$ 498.34  519.72  4.85

ШҚО-да аула сыпырушысы әкімді боқтаған

Шығыс Қазақстан облысында ауыл әкімін және оған басу айтпақ болған полицейді балағаттаған аула сыпырушы сотталды деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

Іс материалы бойынша, оқиға Самар ауылдық округінде болған. Жергілікті әкімдіктің аула сыпырушысы жұмысқа мас күйінде келген. Мұны көрген әкім оған ескерту жасап, жұмыс уақытында ішкенін қоймаса, орнынан босататынын айтқан.

Аула сыпырушы боқтап жауап берген. Әкім бірден полиция шақырған. Полицейлер мас аула сыпырушыны куәләндыруға алып кеткен. Сараптама кезінде ол полицейлердің бірін боқтаған. Полицейлер заң өкілін балағаттау бойынша іс қозғаған.

Сот барысында әкім ер адамды кешірген. Аула сыпырушының өзі жұмыстан айырылатынын естіген кезде ашыуланғанын айтып ақталды. Дегенмен полицейлерді боқтағаны үшін ер адамға жүз сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары