Шымкент хайуанаттар бағының қызметкерлері мен келушілерінде көңіл-күй жоқ. Зообақта 23 жылдан бері өмір сүріп келген Ламбада есімді су сиыры белгісіз кеселден өліп қалды.
"Әзірге жануардың неден өлгенін білмейміз. Өлерінен алдын бір апта бойы ол нәр татқан жоқ, тек жатты. Жасы 26-да болатын. Табиғатта су сиырлары 5 жасқа дейін өмір сүреді. Ал, зообақтарда екі есеге аз", – дейді хайуанаттар бағының бас ветеринары Ұлбосын Ырысаева.
Мал дәрігерлері жануардың өлексесін зертханада сараптамадан өткізіп жатыр. Оның нәтижесі өлімнің неден келерін анықтауға көмектеседі дейді олар.
Айта кетейік, Ламбаданы Шымкентке Мәскеудің Николаевск зообағынан осыдан 23 жыл бұрын алып келген. Ол 7 жылдан бері науқас. Осы уақыт аралығында ветеринарлар оған түрлі дәрілер еккен. Ауруына қарамастан бегемот үш рет балалапты.