$ 449.58  486.94  4.86

Шымкентте сұйытылған газ бағасы күрт қымбаттады

Бұған дейін 60 теңгеден сатылып келген көгілдір отынның бағасы тағы 5 теңгеге көтерілген деп хабарлайды Хабар-24.

«Темір тұлпарымызға үнемді деп орнатқан газ құрылғысының пайдасы шамалы болып тұр», - дейді жүргізушілер. Жауапты мекемедегілер бұны газ өндіруші зауыттардағы көтерме бағаның көтерілуі мен Шымкенттегі мұнай өңдейтін кәсіпорынның уақытша жөндеу жұмыстарына тоқтағанымен байланыстырып отыр. Жалпы облыста аккредиттеуден өткен 11 мекемеге қарасты 234 газ құю автобекеті мен 4 газ баллон толтыру пункті жұмыс істейді. Ал одан бөлек жекеменшік газ құю бекеттеріндегі бағаға араласуға құқымыз жоқ. Дегенмен шектен шығуға жол бермейміз», - дейді мамандар. Былтыр өңір айына 4 мың тонна сұйытылған газ тұтынып келсе, енді оның көлемі 9 мың тоннаға жеткен. Бірақ бұл да аз болатын түрі бар. Өйткені өңірдегі 544 елді мекенде тұратын бір миллион екі жүз мыңға жуық тұрғын сұйытылған отын тұтынады. Оған қоса, 25 мыңнан астам көлік газбен жүреді.

Нұралхан Шарипов, облыстық ЭТКШ басқармасының газбен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы:

- Бізде 1,5 айға өндіруші зауыт ПетроҚазақстан жөндеуге тоқтады қазір. Сондықтан тиісінше біздің облысқа газ Ақтөбедегі «Симписи» зауытынан және Павлодардағы мұнай химия зауытынан келіп отыр. Сәйкесінше оның жол шығындары оларға жоғары түсіп отырған ұқсайды. Сондай себептермен 1-2 теңге әр жерде ауысуларды солай түсіндіріп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары