$ 494.87  520.65  4.91

Той көліктері шеруі кезінде 7 рет оқ атқан жігітке 10 АЕК айыппұл салынды (ВИДЕО)

Алматы полициясы той көліктері шеруі кезінде «Тойота Ленд Крузер» көлігінен оқ атқан адамды ұстады, деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі. Бұл жөнінде Nur.kz ақпарат порталы жазып отыр.

«Аталған факт бойынша дереу тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде оқ атқан ер адамның тұлғасы анықталды. Ол Алматы облысы Іле ауданының 26 жасар тұрғыны болып шықты. Ол өзінің жасаған әрекетін мойындап, досының тойындағы салтанатты көліктер шеруі кезінде өз атына тіркелген газ тапаншасынан бос патрондар атқанын мәлімдеді», делінген хабарламада.

Енді аталған азамат қоғамдық орында оқ атқаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 332 бабы бойынша қаруы тәркіленіп, 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болады. Одан бөлек, құқық бұзушы азаматқа 3 айдан бір жылға дейінгі тағы бірқатар қатаң талаптар қойылды. Олар сот шешімін шығару кезінде ескеріледі.

В ближайшие часы сотрудниками УВД Медеуского района задержанный будет представлен в специализированный межрайонный административный суд города Алматы.

Айта кетейік, той көліктерінің бірінен аспанға 7 рет оқ атқан видео ғаламторда 6 қыркүйек күні пайда болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары