$ 439.4  473.54  4.76

Алматының Алмалы ауданында «Мүгедектер күніне» орай дөңгелек үстел өтті

Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Алмалы ауданы бөлімінде бөлім басшысы Ералиева Гүлмираның төрағалығымен және бөлімнің бас мамандарының, Алмалы ауданының мүгедектер қоғамының төрағасы және мамандарының, сондай-ақ, Алмалы ауданында тұратын мүгедек адамдардың катысуларымен «Мүгедектер күні» тақырыбына байланысты дөңгелек үстел өтті.

Бұл туралы адан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарап отыр.

Отырыстың басында Алмалы аудандық бөлімінің басшысы Ералиева Гүлмира Мұратқызы қатысушыларға аудандық бөлімде мүгедектерге ақысыз көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері туралы әңгімеледі.

Бұдан соң Алмалы ауданының мүгедектер қоғамының төрайымы Маманбаева Раушан Темірбекқызы Алмалы ауданының мүгедектер қоғамының атқарған жұмыстары туралы айтты, оның арасында мүгедек балаларға арналған іс-шаралар, ұйымдастырылған экскурсиялар, өткізілген семинар-тренингтар және Алмалы ауданының мүгедектерінің қатысуымен өткізілген спорттық жарыстар туралы әңгімеледі.

Одан кейін мүгедектер қоғамының төрағасының орынбасары Николай Федосеев келгендерге мүгедектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша еңбек заңнамасының ерекшелектері туралы түсіндірулер айтты, және аудандық қоғам қоғамның мүгедектерды жұмыспен қамту мүмкіндіктері туралы әңгімеледі.

Аудандық мүгедектер қоғамының қызметкері Гунаев Дамир қолданылмадағы заңдар бойынша мүгедектерге адвокаттар тұрғысынан тегін құқықтық қызмет көрсетуі мүмкіндіктері жайында хабарлады.

Аудандық бөлімінің қызметкері Ахметова Мереке 2018 жылдан бастап Атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңа форматта көрсетудің ерекшеліктері туралы айтты.

Ең cоңында Ералиева Гүлмира Мұратқызы мүгедектерді 3 желтоқсанда өткен Мүгедектер күнімен құттықтап, әрқайсысына азық-түлік жиынтығынан тұратын пакет табыстады.

Шақырылған мүгедек адамдар өздеріне көңіл бөліп құрмет көрсеткендері үшін аудандық бөлімнің қызметкерлеріне ризашалықтарын айтты және осы кездесудің нәтижесі пайдалы болғаны жөнінде ойларын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары