$ 498.34  519.72  4.85

Алматылық мұғалімдер латынға көшу жайын талқылады

Бүгін Алматыда «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалының бастамасымен № 5 мектеп-гимназиясының бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында мектеп мұғалімдерімен латын әлипбиіне көшу мәселесін талқылау бойынша жиналыс өтті.

Жиынның түпкі мақсаты – латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы қоғамдық пікір қалыптастыру, реформаны көпшілік арасында насихаттауға үлес қосу.

Мектеп директоры, партия мүшесі Әлия Қасқырбаева Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы көтерген латын әліпбиіне көшу мәселесі өзекті әрі орынды екенін айтты. Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың рухани әлемі үшін маңызды болып табылады. Бұл жазу елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, халықтың сауаттылығын танытатын көрсеткіш. Әлемдік өркениетке аяқ басуымызға, қазақ халқының алға жылжуына, еліміздің заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, дамуына септігін тигізетіні сөзсіз», - деді. 

Бастауыш партия ұйымының төрайымы Сауле Мырзабекова латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі саналатындығын, латын әліпбиін енгізу халқымыздың білімі мен мәдениетін, өнерінің дамуына серпіліс әкелетін, әлемдік кеңістікке енуге апаратын жол екендігін жеткізді. 

Сонымен қатар, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Мырзабекова да латын әліпбиіне көшу өркениетті елдердің қатарына қосылуға мүмкіндігімізді кеңейтетіндігіне тоқталды. Ол жаңа оқу бағдарламасының латын әлібиінде енгізілетіндігі жөнінде мәлімдеме жасады. 

Жиынға қатысушылар қоғамның назарын өзіне аудартқан мәселелердің бірі латын әліпбиіне көшудің ұтымды тұстарын ортаға салып, ой бөлісті. Олар латын әліпбиіне көшу ұлттық санамызды қайта жаңғыртуға жол ашатындығын түсінді. Өркениетке жаңаша көзқараспен қарау қажеттілігін ұғынды. Елбасы шешімін қолдап, жүзеге асыруға үлес қосатындықтарын білдірді.

Еске салайық, қазақ тілінің латын графикасына көшуі туралы жарлыққа Мемлнекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биыл қазан айының соңында қол қойған болатын. Енді 2025 жылға дейін ана тіліміз кирилл алфавитінен латын әліпбиіне ауысатын болады. Бұл процесс кезең-кезеңмен жүзеге аспақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары