$ 443.44  480.51  4.88

Қарағандыда ауызашарға келген ондаған адам жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Қарағандыда ауызашардан шыққан 20 адам астан ұшынып ауруханаға түсті. Жағдайы ауыр үшеуін тіпті, жансақтау бөліміне жатқызуға тура келген. Ауызашар берген үйдің иелері болса базардан алынған еттен ұшындық дегенді айтады. Қазір олардың жеген астары зертханада тексеріліп жатыр деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Осыдан 3 күн бұрын ауызышарға шақырылығандар бүгін бүк түсіп аурухана төсектерінде жатыр. Барлығы да сол отырыстан кейін өздерін жайсыз сезініпті. Ересектердің ағзасы алғашында сыр бермесе, кішкентай балалардың бірден іші өтіп, ыстығы көтерілген. 

Жансақтау бөлімінде жатқан кішкене балалардың жағдайы тұрақты түрде ауыр деп бағаланып отыр. Бәріне тиісінше ем-дом жасалып жатыр екен. Сондықтан қатты алаңдауға негіз жоқ, беттерін бері қаратамыз дейді дәрігерлер. 

«Қажетті ем-домның барлығы жасалып жатыр. Жағдайлар тұрақтанды. Бір науқасты ертең жансақтау бөлімінен ортақ палатаға шығарамыз. Науқастардан қажетті сараптамалардың барлығы алынып, зертханаға жіберілді», - дейді дәрігер Ботакөз Жантақбаева.

Ал сараптама қорытындысы 3-4 күнде шығуы тиіс. Мамандар ішті өткізген ет болған күннің өзінде де ауызашар бергендер ол етті алған жерді көрсетіп, дәлелдеуі керек. Өйткені еттің базардан емес, басқадан алынбағанына да кепілдік жоқ дейді олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары