$ 494.87  520.65  4.91

Күйеуін қызғанған әйел жалғызбасты ананы ұрып, шашын тықырлап алып тастаған

Ташкентте тұратын екі баланың анасы, 28 жастағы Шахзода Хусанова "сотсыз жазалаудың" құрбаны болғанын айтады. Биыл желтоқсан айының басында үш әйел үйіне баса-көктеп кіріп, оны ұрып-соғып, шашын тақыр етіп алып тастаған деп жазады centralasian.org.

"Іс тергеуге жіберілді" деп мәлімдеді Өзбекстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Хусанованың айтуынша, оқиға екі кішкентай баласының көздерінше болған. Оның айтуынша, Telegram каналы арқылы ер адаммен танысқан. Оның әйелі жазысқан хаттарын оқып қойып, жанына екі әйел ертіп алып, Хусанованың үйіне барған. Үшеуі Хусанованы ұрып-соғып, соңында шашын тақыр етіп алып тастаған. Ол есінен танып қалғанда, әйелдер үйіндегі алтын бұйымдарын алып кеткен.

Ташкенттік адвокат Умида Давлетова өзбек заңы бойынша, бұл оқиға қылмыс ретінде қаралады дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары