Талдықорғандық полицейлер жасы егде тартқан әйелдерді зорлап келді деген күдікпен 30 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді деп жазады «NewTimes.kz».
Әзірге белгілісі, күдікті 5 әйелді зорлаған. Дегенмен, жәбірленгендер қатары бұдан да көп болуы мүмкін дейді тәртіп сақшылары.
Тергеу барысында белгілі болғандай, қаскөй өз құрбандарын бірнеше күн бойы аңдып, кейін түрлі сылтаулармен үйлеріне кіріп отырған. Арам ойын да сол пәтеде жүзеге асырыпты. Полиция қызмткерлерінің айтуынша, жәбірленгендердің ең үлкенінің жасы 94-те.
Сот-медициналық тексерулер Алакөл ауданы тұрғынының орын алған қылмыстарға қатысы бар екенін анықтады. Сондай-ақ, күдікті ұрлық пен тонау фактілері бойынша да айыпталып отыр.