$ 494.87  520.65  4.91

"Шымкентсыра" директорымен бірге ұсталған үш адамның бірінің кім екені анықталды

Шымкенттік кәсіпкер, "Шымкентсыра" зауытының директоры Тоқтар Төлешовпен бірге өткен аптада ұсталған үш азаматтың бірінің кім екені анықталды. Бұл жайында ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев хабарлады деп жазады Tengrinews.kz.

"Тоқтар Төлешовтіі тұрғылықты мекен-жайын жедел іздестіру жұмыстары барысында Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде жүрген 1988 жылы туған азамат Калтаков Сергей Викторович ұсталды. Кәсіпкерге тікелей қатысы бар бірнеше жерді тексерген ІІМ өкілдері суық қару, есірткі заттарын тәркіледі. Төлешов пен Калтаков ҚР Қылмыстық кодексінің 128 бабына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде" деді Сәдубаев.

Бұған дейін хабарлаанымыздай, Шымкентте арнайы жасақ мамандары жүргізген операция барысында "Шымкентсыра" компаниясының басшысы Тоқтр Төлешов ұсталған болатын. Тәртіп сақшылары онымен бірге тағы 3 адамның барын айтты, дегенмен, олардың кім екені хабарланбай отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары