Қоғам 19.09.2016 сағат 17:39

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам қайтыс болды

Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауылына жақын маңда ірі жол көлік оқиғасы орын алды деп жазады жергілікті TVK телеарнасы. 19 қыркүйек күні кешке Ташкент тас жолының бойында Ford шағын автобусы мен Toyota жеңіл көлігі бетпе-бет келіп соқтығысқан. Салдарынан бес адам қайтыс болып, тағы бірнешеуі ауыр дене жарақаттарын алды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жол апатынан кейін ауруханаға 14 адам жеткізілген. Олардың төртеуі кішкентай бала. Жараланғандардың үшеуі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер тағы бірнеше адамға ота жасап жатыр.

Айта кету керек, оқиға болған жол бір бағытты. Қазіргі таңда қай көліктің ереже бұзып, қарсы бағытқа қарай жүргені анықталып жатыр. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеуде.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар