$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облыстық ІІД қыз ұрлау дерегіне қатысты жалған ақпарат берген

Биыл 8 тамызда Алматы облысындағы Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында қыз алып қашпақ болған төрт жігіттің жол апатына ұшырап қайтыс болғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Ол кезде "ВАЗ-21114" көлігі ауыр жүк көлігіне соқтығысқан еді. Апаттан тек жәбірленуші 20 жастағы қыз ғана аман қалған.

Осы жайттан кейін ауруханаға түскен Әлия Ошақбаеваның өзі Informburo.kz тілшілеріне сұхбат беріп, көлік тізгінінде полиция қызметкерінің болғанын айтқан еді. Алайда, Алматы облыстық ІІД өкілдері бойжеткеннің бұл сөзін жоққа шығарып, марқұмдардың арасында полицияға қатысы бар адамның жоқ екенін мәлімдеген. Ал, бүгін ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі Ә.Ошақбаеваның сөзін растап, "ВАЗ-21114" көлігін шынында да ішкі істер органдарының қызметкері тізгіндеген деген ақпарат таратты.

"Ағымдағы жылдың 8 тамызында "ВАЗ - 21144" көлігінің жүргізушісі - Алматы қалалық ІІД заңсыз көші-қонмен күрес арнайы бөлімінің кіші инспекторы сержант С.Ч.Шарымбаев қызметтен тыс уақытта Еңбекшіқазақ ауданындағы Балтабай ауылына Алматы-Көкпек-Көктал тас жолы арқылы бара жатып, жолдың 59-шақырымында жолдың қарсы бағытына шығып, жұк көлігімен соқтығысқан", - делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің Informburo.kz тілшісіне берген жауабында.

Жол көлік оқиғасы бойынша сот-автотехникалық сараптама тағайындалған, оның нәтижесі енді белгілі болады. Сондай-ақ, бұл дерек бойынша қызметтік тексеру де жүргізілуде.

Естеріңізге салайық, Әлия Ошақбаеваны төрт жігіт 8 тамыз күні үйінен алдап ап шыққан. Жол көрсетуді сұраған жігіттер оны дереу алып қашыпты. Алайда, келін күтіп отырған үйге олар сол күйі жете алған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары