$ 498.34  519.72  4.85

Өлім жазасы қылмыскерлерді тоқтатпайды - Қ.Мәми

Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмидің пікірінше, Қазақстанда өлім жазасын қайта енгізу мәселесін зерттеу қажет. Алайда, жазаның бұл түрі еліміздегі қылмыскерлерге тоқтау сала алмайды дейді ол. Бұл туралы Жоғарғы сот төрағасы Zakon.kz порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

Айта кетейік, Ақтөбе мен Алматыдағы лаңкестік оқиғалардан және Ақтөбедегі педофилдің 6 жасар қызды зорлауынан кейін қоғам өлім жазасына енгізілген мораториды алып тастау мәселесін көтеруде.

"Қазір Қылмыстық кодексте қылмыскерлердің мұндай түріне барынша қатаң жаза - өмір бойы түрмеге жабу жазасын қолдану қарастырылған. Қылмыстың мұндай ауыр түрлеріне өлім жазасын енгізу мәселесін тиянақты зерттеу қажет. Менің пікірімше, Қылмыстық кодекске өлім жазасын енгізу қылмыскерлерді тоқтата алмайды", - дейді Қ.Мәми.

Оның пікірінше, қылмыс жасайтын адам ешқашан өз өмірінің болашағын ойламайды.

"Олар қылмысты тым қатты адасушылықтан жасайды немесе жауапкершілік тартпаймын деген есеппен жасайды, яғни соттан, тергеуден құтылып кетемін деп ойлайды", - сөзін нақтылады Жоғарғы соттың төрағасы.

Айта кетейік, өлім жазасын енгізу мәселесін халық арасында көтеріліп, Парламентке дейін жетіп отыр. Күні кеше Сенат депутаты Дариға Назарбаева ана ретінде өлім жазасына қарсы еместігін мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары