$ 498.55  524.28  4.75

Есік қаласында тағы да зорлау дерегі орын алды

Бұл жолы азғын жас қызды емес, 56 жастағы әйелді зорлаған. Қазір ол ауруханада деп жазады Informburo.kz #НеМолчиKZ Зорлық-зомбылыққа қарсы ұлттық қозғалысына сілтеме жасап.

Аталған қозғалыс өкілдеріне жәбірленуші Майра Садықованың ұлы Абылай Сәрсебеков пен сіңлісі Гауһар есімді әйел арызданған. Олардың айтуынша, 15 қыркүйек күні Майраны белгісіз ер адам әбден ұрып-соғып, зорлап кетіпті. Оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылында орын алған.

"15 қыркүйек күні мен жұмыстан үйге келдім. Есік іштен жабық тұр екен. Есікті ұрдым, ар жағынан бейтаныс ер адамның дауысын естідім. 2-3 минуттан кейін ол есікті ашты, танымаймын, үстінің бәрі қан", - дейді Абылай Сәрсебеков.

Ол осынау көріністен өзін жоғалтып алғанын айтады. Ал, үйге кіргенде өз көзіне өзі сенбеген.

"Менің анам киімсіз жатты, үстінің бәрі қан еді. Басы адам танымастай болып ісіп кеткен", - деп болған жайтты Абылай әзер есіне алады.

Ол дереу ер адамның артынан шығып, қумақшы болыпты. Алайда, күдікті көзден таса болып үлгерген.

"Мен әпкеме хабарластым, жедел жәрдем шақырдым. Полиция тек анамды ауруханаға алып кеткеннен кейін ғана келді", - дейді жәбірленушінің ұлы.

Айта кетейік, Бәйтерек ауылы жуырда ғана жаппай қыз зорлау дерегі тіркелген Есік қаласының іргесінде орналасқан. Бірнеше жігіттен зәбір көрген Жібек Мусинова тілшілерге берген сұхбатында Есікте жиі зорлау дерегі орын алатынын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары