$ 446.49  475.38  4.79

Шымкент-Ташкент тас жолында тағы да ірі жол апаты орын алды

Қайғылы оқиға бүгін сағат 14:00 шамасында Ташкент тас жолының 30-шақырымында орын алған. Жол көлік оқиғасы салдарынан екі адам қайтыс болды деп жазады жергілікті TVK телеарнасы.

Тас жол бойында «Фольксваген-Джетта» мен жолаушылар таситын «КИА-Карнивал» көліктері соқтығысқан. Салдарынан «Джетта» екіге бөлініп қалды, оның жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Ал, «КИА» көлігінің қозғалтқышы жұлынып түсіпті. Көліктегі жолаушылардың бірі қайтыс болды, оның басы кесіліп түскен деп хабарлайды телеарна тілшілері.

Апаттан кейін ауруханаға 6 адамның жеткізілгені белгілі болды. да, олардың қазіргі жағдайы белгісіз.

Алдын ала болжам бойынша, «Фольксваген-Джетта» жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Алайда, кімнің кінәлі екенін сот сараптамасы анықтайтын болады.

Жолаушылар көлігі Жібек жолы ауылынан Шымкентке қарай бет алған екен. Оның салонында Өзбекстанның 6 азаматы болған. Барлығы да Ферғана облысынан Қазақстанға жұмыс істеу мақсатында келіпті. Тек, көлік жүргізушісі ғана ҚР азаматы.

Естеріңізге салайық, діл осы тас жолдың бойында бірер күн бұрын ірі жол көлік оқиғасы орын алған болатын. Ол кезде де жолаушылар таситын Ford микроавтобусы мен жеңіл көлік соқтығысқан. Салдарынан 6 адам қайтыс болып, тағы бірнеше жолаушы ауруханада ем қабылдап жатыр. Көз жұмғандар қатарында үш жасар қыз да бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары