$ 498.34  519.72  4.85

Өлім жазасына кесілген Күлекбаевтың үкімі қашан жүзеге асады?

Бүгін Алматыдағы ауданаралық мамандандырылған соты лаңкес Руслан Күлекбаевты өлім жазасына кескені белгілі. Алайда, елімзде өлім жазасына енгізілген мораториге байланысты бұл үкім әзірге жүзеге аспайды. Сондықтан, алматылық содыр жазасын қатаң режимдегі колонияда өтемек

"Бүгін Руслан Күлекбаевқа сот үкімі шықты. Судья айыптаушылардың сұрағанын толық қанағаттандырды. Ол өлім жазасына кесіліп отыр. Бізде бірақ, өлім жазасына мораторий жарияланғанын білесіздер. Бұл шектеу алынып тасталған кезде Күлекбаевтың үкімі жүзеге асатын болады. Ал, әзірге ол өмірінің соңына дейін қатаң режимдегі колонияда қамауда болады", - дейді Бостандық ауданы прокурорының орынбасары Бауыржан Ертаев.

Айта кетейік, Р.Күлекбаев биыл 18 шілде күні Алматыдағы полиция бөлімшесіне шабуыл жасап, 10 адамды атып өлтірген болатын. Қаза тапқандардың сегізі құқық қорғау органдарының қызметкері болса, екеуі - бейбіт тұрғын. Тағы үш адам ауыр дене жарақатымен ауруханаға түсті.

Тергеу барысында белгілі болғаны, Руслан Күлекбаев бұған дейін екі рет сотты болған екен. Түрмеде жазасын өтеген кезде ол салафизм ағымын ұстанушылармен тығыз байланысқа түсіп, өзі де осы ағымның жетегінде кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары