$ 446.49  475.38  4.79

Ақтаулық жастар мен жасөспірімдер «Стоп ДТП» шарасына қатысуға ниет білдірді

Ақтаулық 200-дей студент пен мектеп оқушылары жол жүру қауіпсіздігіне арналған флэшмобқа қатысуға ниет білдірген. Бұл туралы өңірде сауалнама жүргізген Tumba.kz порталы хабарлап отыр.

Жас ақтаулықтар «СТОП ДТП» қоғамлық ұйымы бастаған қоғамдық шараны қолдайтындарын айтып отыр. Аталған шара аясында тек ақтаулықтар емес, барша қазақстандықтар түнгі уақытта жолдан өтерде ұялы телефонның шамын жағуы тиіс. Бұл жолдағы қауіпсіздікті күшейтеді дейді ұйым мүшелері.

«Стоп ДТП» (жол көлік оқиғасына жол жоқ) деп аталатын үкіметтік емес ұйымы аталған флэшмобты әлеуметтік желілер арқылы хабарлаған болатын. Осылайша ұйым мүшелері Қазақстандағы жол апаттарының санын қысқартпақшы.

«Бүгіннен бастап және үнемі түнде жолдан өтер сәтте ұялы телефонның шамын жағып өтуді әдетке айналдырайық. Өйткені, қараңғыда көру мүмкіндігінің төмен болғандығынан жүргізушілер сіздің немесе туысыңыздың өміріне қауіп төндіреді. Жақсыны әдетке айналдырсақ жаман болмаймыз. Міселен, таңертең тіс жуу қаншалықты дағдыға айналса, бұл да дәл солай күнделікті дағдымызға енуі тиіс», - делінген ұйым өкілдері таратқан хабарламада.

Олардың пікірінше, жаяу жүргіншілер осындай әдіс арқылы өздерін қауіптен сақтайды. Айтулы жоба Астанада 10 қазан күні бастау алған. Оған себеп – жолда адамдарды қағып кету көрсеткішінің тым жоғарылап кетуі болып отыр. Мәселен, ҚР ІІМ мәліметінше, биыл 9 ай ішінде 9 мың жол көлік оқиғасы орын алып, 1200-ден астам адам жолда қайтыс болыпты. Ал, Маңғыстау облысында осы уақыт аралығында 60 ЖКО тіркеліп, 5 адам құрбан болған. Сондай-ақ, ауруханада тағы 10 адамның көз жұмғаны белгілі болып отыр.

Ақтаулық мұғалімдер мен мектеп оқушылары және ЖОО студенттері «Стоп ДТП» ұйымының бастамасын бірауыздан қолдайтындарын жеткізді. Қазақстан жолдарындағы жағдайды қалыпқа келтіретін қандайда бір шараны қолдауға дайынбыз дейді педагогтар.

Жергілікті полиция қызметінің бастамасын да ұстаздар қауымы мақұлдап отыр. Полицейлер кіші сыныптың оқушыларына жол ережелерін түсіндіріп, қолдарына жарық қайтаратын жалаушалар таратуда. Бұл жалаушалар түнгі уақытта көлік шамына шағылысып, жарық бөледі. Мұндай шаралар Маңғыстау облысындағы мектептерде жыл сайын өткізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары