$ 498.34  519.72  4.85

Түпқараған ауданында «Болашақ есірткісіз» атты байқау өтті

Аймақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және есірткімен, есірткі бизнесімен күрес іс-шаралары аясында Маңғыстау облыстық оқыту-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының мамандары «Болашақ есірткісіз» деген тақырыппен көшпелі байқау ұйымдастырды. Алғашқы көшпелі іс-шара Түпқараған ауданының Иаушық ауылында өтті. Мәдениет үйінде өткен байқауды тамашалауға 200-ге жуық оқушы мен ата-аналар және ауданның өзге ауылдарының мұғалімдері келіпті.

Байқауға Түпқараған аудандық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының меңгерушісі Гүлжан Ізтілеуова қатысты. Мектеп оқушыларына шара барысында алкоголизмге және нашақорлыққа қарсы насихат жүргізетін видеорликтер көрсетілді. «Марихуана» және «Бас жазу синдромы» деп аталатын осынау роликтерді Республикалық медициналық-әлеуметтік проблемалар ғылыми-тәжірибелік орталығы әзірлеген.

Мұнан кейін оқушылар «Жарқын болашақ – салауатты өмір салтында» деген айдармен өткен көңілді тапқырлар клубында сайысқа түсті. Сахнаға шыққан жасөспірімдер «Есірткі – ғасыр індеті» деп ұрандатты. Сондай-ақ, олар «Еегер сен өз болашағыңды ойласаң, есірткіге жоқ деп айт» деген видеобайқауға да қатысып, өзара мықтыларды анықтады.

«Есірткі – өазіргі заманның соры» деген тақырыппен өткен эссе байқауында А.Сағындықова жеңімпаз деп танылса, «Есірткі миды бұзады» деп аталатын поэзиялық байқауда Н.Мұратова үздік атанды. Ал, жалпы байқау нәтижелері шығып, жеңімпаздар марапатталып болған соң жасардың барлығы мәдениет үйінің алдына шығып, есірткіге қарсылық ретінде флэшмоб өткізді. Шара соңында қатысушылардың бәріне есірткінің зауалы туралы, нашақорлықпен күресті үгіттейтін буклеттер таратылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары