$ 448.15  483.46  4.86

Астана мектептерінің бірінде 14 жасар бала қайтыс болды

Астанадағы орта мектептердің бірінде белгісіз жағдайда оқушы қайтыс болды деп жазады Tengrinews.kz.

"№59 орта мектепте оқитын 2002 жылы туған жасөспірімнің өлімі мектеп класында қайтыс болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама жүргізілуде", - деді Астана қалалық ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Колышбекова.

Жасөспірімнің өлімі жайындағы ақпарат 30 қараша күні мәлім болған еді. Дегенмен, ішкі істер органдары бұл жайтқа қатысты мәліметті енді ғана таратып отыр.

Ал, білім беру басқармасындағылар болса қандай да бір пікір білдіруден бас тартты. Оқиға орын алған №59 орта мектепте де әзірге тілшілермен сұхбаттасатын жауапты тұлға табылмай отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары