$ 498.34  519.72  4.85

Макс Боқаев пен Талғат Аян рақымшылыққа ілінбейді

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында түрмеде жазасын өтеп жатқандарға рақымшылық жасалуы мүмкін екенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Елбасының көтерген бастамасын қазір депутаттар қарап жатыр. Ал, егер бұл бастама заңды күшіне енсе сотталған 30 мыңдай адамға түрлі дәрежедегі жеңілдіктер жасалады. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлімдеді.

Оның айтуынша, заңсыз митинг ұйымдастырып, ұлтаралық араздықты қоздырғандарға, жалған терроризм бабы бойынша сотталғандарға рақымшылық қарастырылмаған. Яғни, кеше ғана бес-бес жылдан арқалап кеткен атыраулық Макс Боқаев пен Талғат Аянның жазасы өзгермейді. Сондай-ақ, сауда орталығында бомба бар деп жалған ақпарат таратып, екі жылға сотталған қарағандылық мұғалім де мерзімін толық өтеуі мүмкін.

"Аталған баптар заң жобасында амнистияға ілінетін юап ретінде қаралмаған. Яғни, бұл баппен сотталғандарға ешқандай рақымшылық жасалмайды. Сондай-ақ, ұйымдасқан топ болып жемқорлыққа барғандар да кешірімге үміт артпаса болады", - дейді Бас прокурордың бірінші орынбасары.

Оның айтуынша, ірі көлемде жемқорлық жасап, мемлекетке келтірген шығынды өтеген сотталушылардың мерзімі қысқартылатын көрінеді.

"Бұл Бас прокуратураның ұстанымы емес. Бұл аталған заң жобасын әзірлеуге қатысқан барлық мемлекеттік органдардың ұстанымы. Енді соңғы сөз депутаттарда", - деді Меркель.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары