Жамбыл облысында әскери қызметші тәулікті кезекшілікте ұйықтағаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жуалы аудандық сотында ӘҚБтК-нің 652-б. 6-б. (бастықтың бұйрығына бағынбаған) бойынша Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, 2023 жылдың тамызында Жуалы ауданында орналасқан әскери бөлімде, әскери қызметші Е. тәуліктік кезекшілікте бола тұра, өзінің демалысынан тыс уақытта және белгіленбеген жерде ұйықтап, әскери бөлім командирінің жазбаша бұйрығының талаптарын орындамаған.
Cотта әскери қызметші өз кінәсін толық мойындады. Аталған факті бойынша түсініктеме берді. Сот қаулысымен Е. ӘҚБтК-нің 652-б. 6-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 86 мың теңгеден астам сомада әкімшілік айыппұл салынды, - делінген сот хабарламасында.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.