$ 443.44  480.51  4.88

Ақтауда экс-прокурор төбелес шығарып, арты адам өлімімен аяқталды

Жарақат алған ер адам 15 желтоқсан күні ауруханада көз жұмды. 

Фото: www.gov.kz
Фото: www.gov.kz

Ақтаудағы барлардың бірінде экс-прокурор төбелес шығарып, арты кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алдын ала тергеу мәліметтері бойынша, жанжал 10 желтоқсанда Ақтаудағы барлардың бірінде болған. Артынан төбелес шығып, жарақат алған ер адам 15 желтоқсан күні ауруханада көз жұмды. Күдікті ретінде бұған дейін прокуратурада жұмыс істеген ер адам қамауға алынды.

Күдіктіге қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігінде көзделген, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша айып тағылды.

Соттың санкциясымен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу барысы бақылауда, – делінген прокуратураның хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары