$ 448.15  483.46  4.86

СҚО-да қараусыз қалған бір жасар сәби су құйылған ыдысқа батып кетті

Бес минуттан кейін сәбиді анасы тауып алды.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Солтүстік Қазақстан облысында ересектердің көзінен таса қалған бір жасар сәби аулада су құйылған ыдысқа батып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға Тимирязев ауданы Докучаево елді мекенінде сағат 17.00 шамасында болған. Жеке тұрғын үйдің ауласында үлкендердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған сәби мерт болды.

«Қыз бала ауладағы су құйылған ыдысқа құлап кеткен. Бес минуттан кейін сәбиді анасы тауып алды. Судан алып шыққанымен, кеш болды», - дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сәби #Су