$ 512.83  600.58  6.36

«Менің күйеуім болғанын қаладым»: Динара Сәтжан кәсіпкермен таныстығы туралы айтты (ВИДЕО)

Сонымен қатар кәсіпкер Жұмабек Жанықұлдың өзіне қамқар болып, ұзақ уақыт көңілін аулағанын айтты. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Тележүргізуші Динара Сәтжан өзінің Айнұр Ильясоваға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты барлық сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов өзіне қалай сөз салғанын баяндап берді. 

"Маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасамас бұрын алдымен анасымен таныстым. Арнайы Сарыағашқа барып оның бауырларымен жүздестім. Олармен 8 ағайынды. Жұмабек бесіншісі. Осыдан кейін ол үйленетінімізді айтты. Мен үшін де оның анасымен танысу маңызды болды. Біз кішкентай бала емеспіз. Бұл екеуміз жақтан да сараланып қабылданған шешім болды. Мен хейт болатынын түсіндім. Біз үшін барлығы қуанбайтынын да білдім. Бірақ бұл менің өмірім екенін, екеуміз бір бірімізді сүйетіндігімізді, мен оның әйелі, ол менің күйеуім болғандығын қалайтынымды түсініп, осындай таңдау жасадық", - деді Динара Жанықұл. 

Сонымен қатар кәсіпкер Жұмабек Жанықұлдың өзіне қамқар болып, ұзақ уақыт көңілін аулағанын айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 8
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары