$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда «МузАрт» тобына Мәшһүр Жүсіптің ескерткіші сыйға тартылды

Павлодарда Ertis Promenade маусымының ашылуында ән салған белгілі «МузАрт» тобы бүгін Гагарин саябағындағы этноауылды тамашалады, деп жазады pavlodarnews.kz.

Облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев қонақтарға Ертіс өңірінің мақтан тұтар тұлғасы, этнограф, философ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының көне ескерткіші мен аймақ басшысының атынан облыстың 80 жылдығына орай шығарылған кітап сыйға тартты.

– «МузАрт» тобы сүйіп тыңдайтын тобым, - деді Мейрам Бегентаев. – Бұл кітап аймақтың тарихынан сыр шертеді.

Саябақта серуендеп жүрген жас отбасыға Мейрамбек Беспаев ақ батасын берді. Өнер иелерімен бірге жерлесіміз, белгілі режиссер Алтынбек Рахметов те келді.

 Топтың мүшесі Кенжебек Жанәбіл облыс орталығының жыл сайын жаңарып, гүлденіп келе жатқанын атап өтті.

- Араға екі жыл салып өткеннен кейін келгенімізде Павлодар қаласының өзгергенін байқадық, - дейді әнші. - Өте қасиетті, киелі мекен. Оның ішінде Баянауыл өлкесін атап өтуге болады. Біз үшін Қазақстанның кез келген жері ерекше.

Еске сала кетейік, осы аптада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрін кеңінен дәріптеу мақсатында Гагарин саябағында 26 киіз үй орналасқан этноауыл ашылған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары