$ 494.87  520.65  4.91

Ресейлік композитор «Junior Eurovision» байқауын жеңіп алуды «шығынын ақтамайтын жеңіске» теңеді (ВИДЕО)

Өз сұхбатында Лоза Евровидениені мүлде көрмейтінін (балаларға да, ересектерге де арналғанын) айтты.

Ресейлік әнші әрі композитор Юрий Лоза "Бесінші арна" телеарнасына берген сұхбатында "Junior Eurovision" халықаралық байқау ережелерін сынға алып, биылғы жеңімпаздарға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды РИА Новости.

Өз сұхбатында Лоза Евровидениені мүлде көрмейтінін ( балаларға да, ересектерге де арналғанын) айтты.

- Британдықтар барлығын өздеріне ыңғайлы етіп жасап алған. Сондықтан мұндағы жеңістің ешкімге де керегі жоқ. Өйткені, жеңімпаздың бұл байқауды өз елінде, ана тілінде өткізуге құқығы жоқ, - дейді композитор.

Сонымен қатар, ресейлік композитор бұл байқаудағы жеңісті "пирровой" (шығынын ақтамайтын жеңіс) деп атады.

"Құдайға шүкір, біз жеңбеппіз", - деп қорытындылады өз сөзін Лоза.

Junior Eurovision-2019 халықаралық байқауының бас жеңімпазы Польша елінің өкілі Виктория Габор болды. ІІ-орын - Қазақстан өкілі, ІІІ-орында - Испания. Ресейлік Татьяна Меженцева мен Денберел Ооржак 13-орынға ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары