$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-да көршісіне оқ жаудырған ер адам ұсталды

Бұл бап бойынша күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы немесе шектелуі мүмкін.
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында көршісінің терезесіне оқ атқан ер адам ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Skifnews.kz.

Алтай ауданының полиция бөліміне қала тұрғыны кешкі уақытта бейтаныс біреудің оның пәтерінің терезесіне оқ атып, 50 мың теңге көлемінде шығын келтіргені туралы арызданған.

Полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға дереу жетіп, күдіктінің кім екенін анықтап, ұстады. Күдікті көрші подъездте тұратын 23 жастағы жас жігіт болып шықты.

Полицейлер ұсталған адамның үйіне шұғыл тінту жүргізіп, 12 калибрлі екі патронды, ИЖ-18 ЕМ-М бір ұңғылы аңшы мылтығы мен 12 калибрлі үш гильза, сондай-ақ 12 калибрлі 8 патрон тапқан.

Сол күні кешке ұсталған ер адам жәбірленушіден бір қабат жоғары тұратын көршісімен сөзге келіп қалған. Күдікті аулаға шығып, қарама-қарсы үйдегі әлгі көршісінің терезесін нақтылаған. Көршісіне ренжіген жас жігіт мылтықты нысанаға бағыттаған, алайда атылған оқ еш кінәсі жоқ басқа тұрғынның терезесіне тиіп кеткен. Кейінірек сөзге келіп қалған көршісінің терезелері ауланың басқа жағына қарайтыны белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігімен ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы немесе шектелуі мүмкін.

Дереккөз: polisia.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары