$ 494.87  520.65  4.91

Күрескер тұлға

2020 жылы пандемия кезінде режиссер мәңгілік мекеніне аттанды. 

Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

1 қаңтар белгілі режиссер, қалың көрерменге Желтоқсан көтерілісі туралы "Аллажар" фильмімен танылған өнер иесі Қалдыбай Әбеновтың туған күні, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қалдыбай Торғайұлы 1951 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданында дүниеге келген. 1981-86 жылдары Мәскеу қаласындағы Бүкіл Одақтық кинематаграфистер институтында атақты режиссер Юрий Николаевич Озеровтан тәлім алды. 1987 жылы КСРО -дағы алғашқы "Мирас" киностудиясын ашты. 1988-89 жылдары "Шаңырақ" "Жерұйық" "Шежіре" ұлттық этнографиялық ұйымдарын құрды.

1988 жылы "Барыс" киностудиясын құрып, "Матай" корпорациясының қодауымен "Аллажар" фильмін түсіруді бастады. Түрлі кедергілердің салдарынан "Аллажар" 8 жыл бойы түсірілді. Тек, 1996 жылы Желтоқсан көтерілісінің 10 жылдығы қарсаңында Иманғали Тасмағамбетовтың көмегімен қалың көпшіліктің назарына ұсынылды.

1989 жылы Қазақфильм киностудиясында "Желтоқсан" қоғамдық бірлестігін құрды. Сонымен қатар ол "Шаңырақ" "Жерұйық" "Шежіре" атты этнографиялық ұйымдарын құрып, қазақтың ұлттық аспаптары туралы "Ansar" атты кітап жазды. Қалдыбай Әбенов 2010 жылдан бастап ауыр науқасқа шалдыққан. Ал, 2020 жылы пандемия кезінде режиссер мәңгілік мекеніне аттанды.

1986 жылы Мәскеу Колбинді таққа әкелу арқылы шын мәнінде қазақсыздандыру саясатына тікелей кірісті. Меніңше, Ресейдің әрідегі түпкі мақсаты - бүкіл түркі мемлекеттерін құрту. Себебі олар пантүркизмнен қорықты.

Өйткені мұның алдында КСРО құрамындағы түркі елдеріне эксперимент жасап көрген болатын. Сөйтіп, "Узбекское дело",  "Кыргызское дело" басталып кеткен еді. Енді олар біртіндеп Қазақ мемлекетіне шабуылды бастады. Бірақ, оған қазақтар басқаша мінез көрсетті.

Менің ойымша, Желтоқсан көтерілісі дегенде осы бір түпкі мәніне бойласақ, бұл көтерілістің маңызы бұрынғыдан да арта түседі. Сондықтан біз бұл көтерілістің түркілік түп тамырына әлі бойлай қойған жоқпыз, дейді режиссер өз естелігінде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары