$ 494.87  520.65  4.91

Елордада ХҚКО жанынан «Заң кабинеттері» ашылды

Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру, азаматтарға жедел, тегін заңдық қызмет көрсету мақсатында астаналық ХҚКО жанынан «Заң кабинеттері» ашылған, деп хабаралайды skifnews.kz.

Қала әкімдігінің ресми сайтының хабараынша, жоба тұрғындар тарапынан қолдау тапқандықтан, енді оның аясында тұрғындар құзырлы мамандардан толғандырған сауалдарына кеңес алуды жалғастыру үшін www.egov.kz сайтында «Заң кабинеті» қосымшасын іске қосу жоспарланған.

Қазір жобаның пилоттық түрі Қазақстан Республикасының бірқатар облыс орталықтарында іске қосылды: Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларында бар. Бұдан әрі «Заң кабинеті» ары қарай дамып, еліміздегі барлық аймақтарды қамтып, аудандық бөлімшелерде де ашылмақ.

Заң кабинетінің жұмыс істеу тәртібі ХҚКО-ның күн тәртібіне сәйкес сенбі жексенбі күндерден өзге күнделікті сағат 9.00ден 20.00ге дейін. Түскі үзіліс уақыты сағат 13.00 мен 14.00.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары