$ 498.34  519.72  4.85

Қалыңдық 71-де: Өскемен тұрғыны өзінен бірнеше жас кіші азаматқа тұрмысқа шықты

Екі ай кездескеннен кейін маған ұсыныс жасады. Мен «иә» дедім.

Фото: АХАТ
Фото: АХАТ

Өскемен қаласының тұрғыны жасы жетпістен асқанда тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

71 жастағы қалыңдық пен 64 жастағы ер азамат некелерін қарттар үйінде қиды.

Шығыс Қазақстан облысының АХАТ қызметкерлері арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына келіп, жұбайлардың некесін тіркеді.

Қариялар некелерін салтанатты түрде рәсімдеу үшін Отбасы күнін таңдап алыпты. АХАТ басқармасының басшысы Әлия Қырықпаеваның айтуынша, атаулы күндері шаңырақ көтергісі келетіндер өте көп.

Людмила Николаевна 71 жасында тұрмыс құрамын деп ойламағанын. Ол қарттар үйіне біраз уақыттан бері тұрады. Осы жерден болашақ жарын кездестірген. Сөзінше, содан кейін барлық ауру-сырқауын ұмытқан. Людмиланы өмірлік серігі ретінде көрген 64 жастағы Қалыбек Қатеев те жар таңдауда жаңылыспадым деп отыр. Қалыңдық болса, ер азамат сөз салғанда қатты толқыпты. 

Екі ай кездескеннен кейін маған ұсыныс жасады. Мен «иә» дедім. Осылайша, некемізді тіркедік. Енді мұнда бірге тұрамыз, бізге тіпті бөлек бөлме берілді. АХАТ қызметкерлеріне арнайы келіп, некемізді тіркегені үшін көп рақмет, - дейді Людмила Николаевна.

АХАТ өкілдерінің сөзінше, бұған дейін көпшілік неке қидыру үшін 24 тамызды, яғни, 24.08.2024 датасын таңдаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 3
Күлкілі 3
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары