$ 542.66  631.98  6.77

Ірі мөлшерде пара алған ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы босап шықты

Еске сала кетсек, 2023 жылы желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділманов 4 жылға сотталған еді. 

Фото: kazpravda.kz
Фото: kazpravda.kz

Төрт жылға сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділманов жазасын өтеп шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

— Сотталған адам сот үкіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеді. Сот тағайындаған жаза мерзімін толық өтеуіне байланысты босатылды, — деген хабар алдық қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен.

Еске сала кетсек, 2023 жылы желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділманов 4 жылға сотталған еді. 

Алматы гарнизонының әскери соты мәлім еткендей, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары — Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов пен басқа да лауазымды тұлғаларға билікті асыра пайдаланды және ірі мөлшерде пара алды деген айып тағылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ҰҚК #түрме