$ 471.04  538.54  6.17

«Туған күнін теңіз жағасында тойлаған»: Ақтауда бозбала жоғалып кетті

Фото: lada.kz
Фото: lada.kz

Каспий теңізі жағалауында Азамат Дүйсеханды іздеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Туыстарының айтуынша, бозбала 7 шілдеде өзінің туған күнін достарымен бірге Ақтау қаласынан шамамен 48 шақырым жерде орналасқан «O'Mir» курорттық қонақүйінің маңында атап өткен. Сағат 15:00 шамасында ол теңіз жағасында жоғалып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ Азаматтың туыстары, достары мен жақындары іздестіру шараларын атқарып жатыр. Жақындарының айтуынша, қазіргі қолда бар техника жеткіліксіз болып тұр.

Жоғалған жігіттің отбасы барша жанашыр азаматтардан іздеу жұмысына қолғабыс етуді сұрап, куәгерлердің хабарласуын өтінді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0