$ 457.99  534.15  5.47

БАӘ-де қайғылы жағдай: екі қазақстандық қыздың өлімі тергеліп жатыр

Алайда шамамен бір апта бұрын қыздар жақындарымен байланысын тоқтатқан.

Фото: 24kz
Фото: 24kz

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі БАӘ-нің Шарджа қаласында екі қазақстандық азаматтың көз жұмғанын растады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта жергілікті құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. СІМ марқұмдардың жақындарына көңіл айтып, олардың отбасыларымен байланыста екенін және өз құзыреті аясында қажетті көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

Туыстарының сөзінше, 2006 және 2004 жылы туған екі қыз Шарджада жұмыс істеген. Олар тамыз айының соңы немесе қыркүйектің басында Қазақстанға оралуды жоспарлаған. Алайда шамамен бір апта бұрын қыздар жақындарымен байланысын тоқтатқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0