$ 457.99  534.15  5.47

Біріккен Араб Әмірліктерінде екі қазақстандық апалы-сіңілі көз жұмды

БАӘ-нің құзыретті органдары оқиғаның мән-жайларын анықтап жатыр.

Фото: sputnik.kz
Фото: sputnik.kz

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында екі қазақстандық әйел көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осы жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді.

"Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығы қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде, оның ішінде тиісті құжаттарды рәсімдеуге және Қазақстан азаматтарының қаза болу мән-жайларына қатысты Әмірліктердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесіп жатыр", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, БАӘ-нің құзыретті органдары оқиғаның мән-жайларын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты қазіргі уақытта қосымша ақпарат жария етілмейді.

Сонымен қатар сыртқы істер министрлігі қаза болғандардың отбасыларымен тұрақты байланыс бар екенін және өз құзыреті шеңберінде оларға қажетті көмек көрсетіліп жатқанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0