$ 458.28 € 501.45 ₽ 5.59

Қазақстанда жылу мен электр энергиясын тұтынуға бақылау күшеймек: артық пайдаланғандарға айыппұл салына ма?

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қазақстанда жылу мен электр энергиясын тұтыну нормаларын қайта қарау мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев энергияны үнемдеу бойынша жаңа ұсыныстар әзірленіп жатқанын айтты. Соның бірі – энергия тұтыну көлемін бақылауға мүмкіндік беретін энергомониторинг жүйесін енгізу. Оның нәтижесінде энергияны тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар берілмек. Комитет төрағасының сөзінше, әзірге айыппұл салу немесе мәжбүрлеу шаралары көзделмеген. Дегенмен жаңа жүйенің қарапайым тұрғындардың тұрмысына және коммуналдық төлемдеріне қалай әсер ететіні ашық күйінде қалып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#жылу